Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Рудныйлық полицейлер аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі тәркіледі

Рудныйлық полицейлер аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі тәркіледі, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірде “Рефлекс” операциясы жүргізілуде, оның шеңберінде полицейлер заңсыз айналымнан есірткі мен психоактивті заттардың синтетикалық түрлерін тәркілеуге назар аударады.

ЖААІШ бүкіл ел бойынша 3 қазаннан бастап өткізілуде және желтоқсан айына дейін жалғасады.

– ЖААІШ шеңберінде Рудный қаласындағы бөлімшемен 32 жасар әйел ұсталып, қамауға алынды. Оның үйінде тінту барысында зип қалташаларға оралған 45 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған адам ҚР ҚІЖК-нің 128-бабының тәртібімен Рудный қаласының УҰИ-ға қамауға алынды, – деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Аят Қартбаев.

Полиция департаментінде жыл басынан бері заңсыз айналымнан 197 келі түрлі есірткі, оның ішінде екі келіден астам синтетика тәркіленгенін хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру