Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жоғалған ер адамды іздестіріп жатыр

СҚО полицейлері жоғалған ер адамды іздестіруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері 38 жастағы Евгений Николаевич Дудиковті іздестіруде. Ол 8 қазан күні Петропавл қаласыдағы үйінен кетіп қалған.

Ерекше белгілері: бойы 178 сантиметр, арықша келген, шашы қою сары, көзі – жасыл. Үстінде күртеше киген, аяғында көк кроссовки болған. Тәртіп сақшылары оның жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат болса, 8-(7152)-49-39-49, 49-30-74 , 8-747-559-70-71 немесе «102» нөміріне хабарлауды сұрайды.

Із-түссіз жоғалғандарды іздеу – криминалдық полиция қызметкерлерінің жұмысындағы маңызды желілердің бірі. Жедел уәкілдер орташа есеппен алғанда қоғамда өз орнын таппаған, алкогольдік ішімдіктерді ішуге әуес орта жастағы ер адамдар жоғалатынын атап өтті. Жағдайлардың төрттен бірінде кәмелетке толмағандар жоғалған. Бірер күн бұрын облыстағы бір аудан орталығында полицейлер 17 жастағы қызды іздеп тапқан, оның жоғалғаны туралы анасы жүгінген. Қызды іздеп табуға жергілікті тұрғындар көмектескен.

Учаскелік инспектор WhatsApp чатқа іздестіру жөнінде хабарлама жіберген, чаттағы адамдар із-түссіз жоғалғанды ауылдардың бірінде көргені туралы жазған. Қыз оқудың орнына таныстарымен уақыт өткізбекші болған.

– Халықтың бейжай қарамауы – полиция жұмысындағы маңызды факторлардың бірі және халықтың сенімін көрсетеді. Жалпы, жыл басынан облыста із-түссіз жоғалғандар бойынша 442 өтініш келіп түскен. Қазіргі уақытта 436 адамның жүрген жері анықталды. 121 жағдайда кәмелетке толмағандар жоғалған, олардың барлығы қысқа уақытта табылды, – деді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру