Қостанай полициясына 5 ресейлік көрсетілген көмек үшін алғыс айтты
Үш күн ішінде Қостанай облысы полициясына 5 ресейлік азамат көрсетілген көмек үшін алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Олардың бірі – Екатерина Туманова. 27 қыркүйек күні сағат 23:00-де Ұзынкөл ауданының Троебртное және Камышлов ауылдары арасындағы далалық жолда 3 жолаушысы бар көлік тоқтап қалып, көмек сұраған.
Оқиға орнына бірінші болып учаскелік полиция қызметкері Олжас Әлімов келді. Полиция қызметкері шаруа қожалықтарының басшыларымен байланысқа шығып, олар өз кезегінде көмек көрсету үшін техника ұсынған. Көлікті шығарып, барлығын Пресногорьков ауылына жеткізді. Мұнда адамдар тамақтанып, түнеп және автокөлік жөндеуге техникалық көмек көрсетті.
Екатерина Туманованың айтуынша, олар навигатормен Петропавлға барып, жолда бұрылып, автокөлік тоқтап қалған. Жолдың осы бөлігінде байланыс болмаған.
– Біз полицияға хабарластық. Олар бірден көмек келді. Біз сіздің қонақжайлылығыңыз туралы естіп, қазір өз көзімізбен көрдік. Қиын жағдайда қалдырмағаны үшін полиция қызметкерлеріне көп рақмет – деді ресейлік әйел.
Үш күн ішінде Қостанай облысы ПД-ға Ресейдің 5 азаматы жүгінді, оларға әр түрлі жағдайларда көмек көрсетілді. Шетелдіктер полиция қызметкерлеріне өз алғыстарын білдірді.