Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетауда қонақ болып келген адам банк қосымшасынан ақша ұрлаған

Көкшетауда қонақ болып келген адам банк қосымшасынан ақша ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қыркүйекте Көкшетау қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының 23 жастағы тұрғыны хабарласып, танысы оның телефонын пайдаланып, 220 мың теңге ақша қаражатын ұрлап кеткені туралы өтініш берген. Оның айтуынша, ол өзінің курстасымен кездесіп, оны қонаққа шақырған.

Әңгімелесу барысында Көкшетау қаласының 22 жастағы тұрғыны досының банктік қосымшадағы ақшасын өз шотына аударған. Телефон иесі ақшаның жоғалғаны туралы кейінірек қонақ кеткен кезде білген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі (Ақпараттық жүйеге заңсыз қол жеткізу арқылы жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру