Қостанай қаласының тұрғыны облыс полицейлеріне алғысын білдірді
Қостанайда жергілікті тұрғын ұрланған велосипедін қайтарған полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 қазанда Жедел басқару орталығының кезекшісі патрульдік полиция нарядына тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінен күлгін түсті «Стелс» маркалы велосипедтің ұрланғаны туралы бағдар берген.
Аталған хабарлама бойынша аумақты патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары сипаттамаға ұқсас велосипедті айдап бара жатқан ер адамды байқаған.
Күдікті полицейлерден жасырынуға тырысқан, алайда полиция қызметкерлері оның қылмыстық әрекеттерінің жолын кесті.
Қолды болған велосипедінің өзіне тез қайтарылғанына қуанған тұрғын облыстың бас полицейіне хат жазып, полиция қызметкерлерінің қырағылығы мен кәсіби шеберліктері үшін алғысын білдірді.