Қостанайда 300 мың теңге айыппұл төлемеген жүргізуші анықталды
Қостанайда 300 мың теңге айыппұл төлемеген жүргізуші анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай полицейлері автокөліктерді сақтандыру полисінсіз басқаратын жүргізушілерді анықтау бойынша рейдтер жүргізуде. Іс-шара жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыруға бағытталған.
Операцияның бірінші күні тәртіп сақшылары сақтандырудың жоқтығы үшін 25 жүргізушіні жауапқа тартты, 8 көлік құралы мамандандырылған тұраққа қамалды. Жедел алдын алу іс-шарасы барысында 35 жүргізуші азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің міндетті сақтандыру полисіне шарт жасасты. Рейд барысында полицейлер жол ережесін бұзған және Автоураган-іздестіру және Екin Patrol G2 деректер базасына енгізілген жүргізушілерді анықтады.
Мысалы, полиция қызметкерлері Lada-217010 автокөлігінің жүргізушісін ұстады. Қостанай тұрғыны жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 300 мың теңгеден астам сомаға 17 айыппұл төлеуден жалтарған. Lada-21070 автокөлігінің тағы бір жүргізушісі 260 мың теңгеден астам сомаға айыппұл төлеу қажеттігі туралы 12 ұйғарым алды. Ер адам ұсталды, көлік арнайы тұраққа қамалды, ол ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полицияда сақтандырудың болмағаны үшін жүргізушілер ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы (ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салады. Айыппұл 10 АЕК құрайды.