Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде колония қызметкерлері кәсіби бағдарлау жұмысын жандандырды

ШҚО-да қатаң режимді колония қызметкерлері кәсіби бағдарлау жұмысын жандандыру мақсатында Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты ОВ-156\14 мекемесінің қызметкерлері қызмет барысында күнделікті өзара іс-әрекетте болатын, шарт бойынша қызмет атқару мерзімдері аяқталатын Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында әскери қызметшілерге қылмыстық-атқару жүйесіндегі мемлекеттік қызмет туралы ақпараттар түсіндіріліп, кіші басшылық және жоғарғы басшылық құрамдағы қызмет барысы, қойылатын талаптар мен берілетін жеңілдіктер және әлеуметтік көмектер туралы айтылды.

– Қазіргі уақытта біздің қызметте кадр тапшылығының кездесуінің алдын алу “кәсіби бағдарлау” жұмысы арқылы жүргізіліп келеді. Көбінесе жастар қолма-қол ақша алатын жұмыс іздейді, мемлекеттік қызметке келуден көбі тартыншақтайды. Сондықтан мемлекеттік қызметтің мән-мазмұнын нақты түсіндіре білу үшін бүгінгі сияқты кездесулер өте қажет. Кездесуден кейін шарт бойынша қызмет атқару мерзімі аяқталатын бір әскери қызметші, қажетті орындалатын шарттар мен құжаттар тізімімен танысуға мекеменің кадр бөліміне келіп, ары қарай қызмет атқаруға ниет білдірді. Бұл, әрине, біз үшін жақсы жетістік. Бір есептен ниет білдіруші әскери қызметші ішкі жасақта қызмет атқарып, сотталғандармен жұмыс бабын жақсы меңгергені қуантарлық жағдай екендігін жасармаймын, – дейді ОВ 156/14 мекеме бастығының орынбасарының міндетін атқарушы Руслан Саятбекович.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру