Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда 3500-ден астам оқушыны қамтыған жол қауіпсіздігі акциясы өтті

Қостанайда полиция қызметкерлері балаларға қауіпсіздік туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай қаласында балалар мен олардың ата-аналарының қатысуымен жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған кең ауқымды профилактикалық акция өтті. Іс-шараға 3 500-ден астам оқушы қамтылды.

Акция барысында қатысушыларға жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері түсіндіріліп, арнайы ақпараттық жадынамалар таратылды. Түсіндіру жұмыстары балалардың жолдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және олардың жауапкершілігін арттыруға бағытталды.

Іс-шараға мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар, полиция инспекторлары және жол қозғалысының жас инспекторлары белсенді түрде қатысты. Акцияны Қостанай қаласының полиция басқармасы ұйымдастырды.

Мамандардың айтуынша, мұндай профилактикалық шаралар жас ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру