Қостанайда «Адам саудасына бірге қарсы шығамыз» ақпараттық марафон өтті
Қостанайда «Адам саудасына бірге қарсы шығамыз» атты ақпараттық марафон өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысында адам саудасына қарсы күрес күніне арналған акция өтті. Іс-шараға полицейлер, облыс әкімдігінің және «Дамыту» ҚҚ өкілдері қатысты.
«KOSTANAY PLAZA» СОО-да, вокзалда және орталық базарда, Қостанай қаласының алаңында қала тұрғындарына адам саудасының құрбаны болмау үшін не істеу керектігі және қайда жүгіну керектігі айтылды. Акция барысында алдын алу ақпараты бар мыңнан астам буклет таратылды.
Осы уақытта LED-экрандарда адам саудасы мәселесі туралы ескертетін бейнероликтер көрсетілді.
– Адам саудасы құлдықтың заманауи түрі – адам құқықтарының бұзылуы. Бұл жеке адамға да, мемлекетке де қарсы қылмыс. Бұл әйелдерге, балаларға, қарттарға қатысты зорлық-зомбылықтың бір түрі екенін түсіну керек. Адам саудасы – заңсыз кәсіпкерлік қызмет түрі. Өркендеуге ықпал ететін факторлардың бірі құрылыс, өңдеу секторы, өнеркәсіп және үй шаруашылығы үшін арзан жұмыс күшіне сұраныстың болуы болып табылады, – деп түсіндірді Қостанай облысы ПД аға жедел уәкілі Нұржан Қорғанбаев.
Полицейлер қостанайлықтарға адам саудасының түрлері, оның белгілері мен салдары туралы айтып берді. Ұйымдастырушылар белгілі бір өмірлік жағдайларға байланысты осындай қылмыстардың құрбаны болған азаматтардың мәселелеріне немқұрайлы қарамауға шақырды. Қостанайлықтар өз кезегінде бұл мәселеге қатысты өз пікірлерін білдірді.
– Әлемнің кез келген нүктесінен келген адам немесе жақын көршілеріміз құрбан болуы мүмкін. Өкінішке орай, бұл әкрімнің басынан өтуі әбден мүмкін, кейде ол бірнеше жылға созылады. Көбінесе зардап шеккендер қайда бару керектігін, мұндай жағдайдан қалай шығу керектігін немесе жәбірлеушілерге қалай қарсы тұру керектігін білмейді. Осындай акцияларды өткізгеніңіз дұрыс, – дейді Қостанай тұрғыны Алексей Чурбаков.
Айта кету керек, жыл басынан бері полиция қызметкерлері түрлі жәбірлеушілерге байланысты 10 құқық бұзушылықты анықтады. Қостанай облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері осындай қылмыстарды анықтау үшін жыл бойы рейдтік іс-шаралар жүргізуде.