Қостанайда «Біз есірткіге қарсымыз!» науқаны өтті
Қостанайда «Біз есірткіге қарсымыз!» науқанына жастар мен депутаттар қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Науқанның мақсаты – есірткінің зияны туралы айту. Іс-шараға жұртшылық өкілдерінің белсенді қатысуы маңызды. Осылайша, бұл мәселені шешудің кешенді тәсілі жүзеге асырылып жатыр.
– Бізге қосылып, бастамамызды қолдағандардың барлығына алғыс айтамыз. Біз жастарды ақпараттандырып, осылайша ұлттың денсаулығын сақтай аламыз, – деп атап өтті іс-шараға қатысушы Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Евгений Сотников.
Тележүргізуші Нұрханұлы Шерхан есірткісіз қоғам құру Қазақстанның әрбір азаматының алдында тұрған міндет екеніне сенімді.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында есірткінің, оның ішінде синтетикалық препараттардың таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына үлкен қауіп төндіретінін атап өтті.
Науқаны Қостанай қаласының полиция басқармасы ұйымдастырды.
– Біздің бастамамызға қосылыңыз, есірткіге қарсы тұрайық және жастарымыз бен қоғамымыз үшін салауатты болашақ құрайық, – деп шақырады блогер және тележүргізуші Анастасия Серикова.
Өткізілетін іс-шаралар шеңберінде педагогтармен, психологтармен, педиатрлармен, ата-аналармен есірткі тұтынудың алдын алудың өзекті және проблемалық мәселелері бойынша пікірталастар, дәрістер мен әңгімелер өткізу жоспарланған.