Қостанайда полицейлер 100-ден астам есірткі граффитиді өшірді
Қостанайда кезекті рет есірткі заттарының жарнамасы бар граффити суреттер мен жазуларды бояу бойынша акция өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері «Қостанайдың жас көшбасшылары» ҮЕҰ-мен бірлесіп есірткі сату граффити-жарнамаларын жою бойынша рейд жүргізді. Бірнеше сағат ішінде есірткімен күресушілер тұрғын үйлердің қабырғалары, қоршаулар мен автобус аялдамаларындағы 100-ден астам жазбаны бояды.
– Мұндай жазуларды тарату – жарнама, ол арқылы есірткі заттарын сатып алуға болады. Осындай жазулар туралы хабарлама алған кезде біз дереу заңсыз жазылған жазуларды жоюға кірісеміз. Қала тұрғындарының арқасында белсенді жұмыстар жүргізілуде. Біздің азаматтарымыз бұл мәселеге бей-жай қарамайды, – дейді Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері Айгүл Ерәділова.
Аталған акцияның ауқымды артып, оны облыстың қалалары мен аудандары да қолдауда. Бұл – облыс орталығында биылғы жылы өткізіліп отырған алтыншы акция.