Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда жүргізуші доңғалақтың ақауына байланысты көз жұмды

Қостанайда 23 жастағы жүргізуші доңғалақтың ақауына байланысты көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 қазан күні сағат 21.00-де Абай-Арыстанбеков көшелерінің қиылысында ЖКО болып, салдарынан 23 жастағы Kia Cerato автокөлігінің жүргізушісі мерт болды. Оқиға орнына автопатруль келді.

Қостанай қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны взводының командирі Талғат Қалисенов ЖКО орнында жағдайға түсініктеме берді. Полицей алдын ала болжам бойынша, жол-көлік оқиғасының себебі – алдыңғы оң жақ доңғалақтың дұрыс жұмыс істемеуі екенін атап өтті.

Техникалық ақаулықтың салдарынан жүргізуші көлікті басқара алмай, қоршаумен соқтығысқан. ЖКО салдарынан жүргізуші көз жұмды.

Қазіргі уақытта ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы “Жол қозғалысы ережелерін бұзу” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Полицей жол қозғалысына қатысушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтауды және автокөліктің техникалық жай-күйін мұқият қадағалау талабымен жүгінді.

Жыл басынан бері облыс аумағында 244 ЖКО тіркеліп, 71 адам қаза тауып, 272 адам жарақат алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру