Қостанайлық полицей қыз қоян қолтық ұрыстан ҚР чемпионатында жүлдегер атанды
Қостанайлық полицей қыз қоян қолтық ұрыстан ҚР чемпионатында жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы ІІМ-де қоян-қолтық ұрыс, самбо, дзюдо, еркін күрес сияқты спорт түрлері кең таралған. Құқық қорғау органдарының жауынгерлік даярлығында қоян-қолтық ұрыс ерекше маңызға ие.
Ақмола облысына қарасты Щучинск қаласында ерлер мен әйелдер арасында қоян-қолтық ұрыс, армиялық қоян-қолтық ұрыс бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.Оған күш құрылымдарының 10 командасы және 16 облыстық құрама қатысты. Турнирде 450 спортшы өз бағын сынады. Кездесулер «Жекпе-жек» және «Өзін-өзі қорғау» бойынша өтті.
Қатысушылар арасында Қостанай облысы ПД жедел қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы Сая Әуелбекова болды.Ол бұл турнирде ІІМ атынан бақ сынады. Сая Әуелбекова 58 келі салмақ дәрежесінде «Жекпе-жек» түрі бойынша үштікке кірді. Ал «Өзін-өзі қорғау» бойынша екінші орынға ие болды.
Сая Әуелбекова бірнеше рет республикалық және халықаралық жарыстарда үздік атанды. Cондай-ақ Ол еркін күрес, панкратион және әскери қоян-қолтық ұрыс бойынша спорт шебері.
– Қоян-қолтық ұрыста өз дененді бақылауда ұстау өнерін, ақыл-ой күшін, тактикалық дайындықты көрсетуі керек. Қызметте сіз кез-келген әрекетке психикалық және физикалық тұрғыдан дайын болуыңыз керек. Басты критерий-жинақталған тәжірибені сыни жағдайда қолдана білу, – дейді жедел қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы Сая Әуелбекова.
2023 жылдың маусым айында Сая Әуелбекова қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатына қатысады. Осыған байланысты ол халықаралық жарыстарға дайындықты бастайды