Қостанайлық полицейлер көпбалалы отбасының ауласын абаттандыруға көмектесті
Қостанайлық полицейлер көпбалалы отбасының ауласын абаттандыруға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай обласының ПД Жангелдин ауданының екі учаскелік полицейі Абылайхан Маханов пен Алматы Қапанов көпбалалы отбасы ауласының аумағын ретке келтіруге жәрдемдесті. Екеуі қыстан қалған қоқыстарды тез жинап, қоқыс полигонына шығарды.
– Біз бұл жанұяға олардың ауласы таза әрі жинақы болу үшін көмектесуді шештік. Осылайша көпбалалы отбасына қолғабыс беруге өз үлесімізді қосуды ұйғардық, – деді учаскелік полиция қызметкері Абылайхан Маханов.
Өз кезегінде, отанасы Гүлмира Адаева полицейлерге көрсеткен көмектері үшін олардың атына алғыс хат жазды. Онда ол полицейлерге көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.
– Біздің учаскелік қызметкерлер Абылайхан Маханов пен Алматы Қапановқа рахмет, олар шетте қалмай, менің ауламды тазартуға көмектесті. Оларға қызметте сәттілік тілеймін!, – деп жазды ол.