Қостанайлық полицейлер қаруды заңсыз сақтау дерегін анықтады
Қостанайлық полицейлер қаруды заңсыз сақтау дерегін анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Қару" және "Ақбөкен" жедел алдын алу шарасы шеңберінде рейд жүргізу барысында жоғарғы Тобыл су қоймасының аумағында полиция қызметкерлері 2 бірлік тегіс ұңғылы атыс қаруын тапты.
- Рейд барысында 39 жастағы Лисаков тұрғыны анықталды. Онда 12 калибрлі ИЖ маркалы және 12 калибрлі ТОЗ маркалы 2 бірлік тегіс ұңғылы атыс қаруы табылды. Қару тіркелмеген. Сараптама тағайындалды, - деді табиғатты қорғау полициясының қызметкері Жомарт Кенебаев.
"Ақбөкен" жедел алдын-алу шарасы басталғаннан бері аңшылық және балық аулау ережелерін бұзудың 24 дерегі анықталды.