Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер үйінен ұзап кеткен бойжеткеннің оралуына көмектесті

Қостанайлық полицейлер үйінен ұзап кеткен бойжеткеннің үйіне оралуына көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы ПД патрульдік полиция ротасының инспекторлары Құдайберді Амиракулов пен Жасұлан Болатов Қостанай – Әулиекөл – Сұрған республикалық трассасын патрульдеу кезінде Айсары кентінен 40 шақырым жерде жалғыз жүрген бойжеткенді байқаған.

– Тоқтап, қыздың тоңып қалғанын көрдік. Біз оны үйіне жеткізуге ұсыныс тастадық, ол келісті. Әңгіме барысында оның мекенжайы есінде жоқ, бірақ Айсары ауылында тұратынын білдік, – деді Құдайберді Амиракулов.

Ауылға келген полицейлер қыз тұратын үйді іздей бастады. Жергілікті тұрғындар мекенжайын айтып, полицейлер оны үйіне аман-есен жеткізді.

Кейінірек қыздың есте сақтау қабілетінің ішінара жоғалуы анықталды.

Полицейлер қыздың ата-анасымен осындай деректерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізді.

Қыздың анасы Майраш Досмағамбетова қызын тауып берген патрульдік полицейлерге алғыс хат жазды. Онда олардың жұмысқа және азаматтарға деген бей-жай қарамайтындығын атап өтті.

Жол бойында қызымның қасынан өтіп кетпегендеріңіз үшін көп рақмет! Бұл адамдарға деген шынайы қарым-қатынас. Жұмыста сәттілік тілеймін! Баламды үйге қайтарғаныңыз үшін тағы да рақмет!, – деп жазды ол.

Бұл патрульдік қызмет кезінде алғашқы көмек емес, олар тас жолда жүргізушілерге бірнеше рет көмекке келді. Айта кету керек, Құдайберді Амиракулов полицияда 7 жылдан астам, Жасұлан Болатов үш жыл көлемінде ішкі істер органында қызмет етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру