Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер үстел теннисінен жарыс ұйымдастырды

Қостанайлық полицейлер үстел теннисінен жарыс ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері білім бөлімінің аула клубымен бірлесіп, үстел теннисінен турнир ұйымдастырды.

Жарысқа түрлі балалар аула клубтарынан 2004-2005 жылы туылған ұл балалар қатысты. Ойын өте қызықты әрі тартысқа толы өтті, балалар жарқын эмоцияларға ие болып, мәз-мейрам болысты.

– Мен үстел теннисімен алты жылдан астам уақыт айналысып келемін. Теннис – өте жылдам спорт түрі, бірнеше секундта ойланбастан, дұрыс шешім қабылдай білуіңіз керек. Маған бұл спорт адам бойында ептілік, тез әрекет ету тәрізді қабілеттерді дамытуға ықпал ететіндігімен ұнайды, – дейді балалар аула клубының тәрбиеленушісі бірі Данияр Қарпташаров.

Жарыстың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу. Облыстық ПД ЕҚҚІҚБ қызметкері Айгүл Ераділова жасөспірімдерге есірткінің зияны мен қауіптілігін түсіндіріп, құқықтық салдары туралы баяндады.

Спорттық жарыс аяқталғаннан кейін жеңімпаздарға мақтау қағаздары, “Есірткіге жол жоқ” логотипі бар футболкалар мен бейсболкалар табыс етілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру