Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер жасөспірімдерге қараусыз қалған ғимараттан шығуға көмектесті

Қостанайлық полицейлер жасөспірімдерге қараусыз қалған ғимараттан шығуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ескі 9 қабатты үйде балалардың жүргендігі туралы хабарлама Арқалық қаласының тұрғындарынан келіп түсті. Полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына жетіп, жасөспірімдерге қараусыз қалған ғимараттан шығуға көмектесті.

– Кәмелетке толмаған үш бала қала шетіндегі көпқабатты үйде ойнаған. Біреуі кетіп қалып, ал 14 және 15 жастағы жасөспірімдер сол жерде қалады. Олар үш сағат бойы өздері шығуға тырысып, шатырға көтерілген. Осы уақытта оларды өтіп бара жатқан тұрғындар байқап, кезекші бөлімге қоңырау шалды. Біздің қызметкерлер аталған орынға келгенде, олар ғимараттың лабиринттері бойынша адасып жүрді. Қараусыз қалған үйдегі іздеу нәтижесінде олар жоғарғы қабаттан табылды, ол жер қауіпті еді, – деп хабарлады Арқалық қалалық ПБ бастығы Нұрбол Саден.

Полицейлерге балаларды қараусыз ғимараттан табу үшін бір сағатқа жуық уақыт қажет болды. Жасөспірімдердің ата-аналары көрсетілген көмек үшін алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру