Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен жүргізушіні құрықтады

Қостанайлық полицейлер жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен жүргізушіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғасы 26 шілдеде болды. Қостанай – Сұрған автожолының 66 шақырымында жаяу жүргіншіні көлік қаққан. /Алайда, оқиға орнынан жүргізуші қашып кеткен. Жәбірленуші ауруханада қайтыс болды.

Полицияның жеке құрамы күдіктіні іздеуге бағытталды. ЖКО орнынан көлік фарасының сынықтары алынды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 21 жастағы жүргізушіні анықтап, ұстады.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) және ҚР ҚК-нің 347-бабы (ЖКО орнын қалдыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Полиция жүргізушілерді және жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру