Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР аумағына өтпек болған шетелдік азаматтың қалтасынан гашиш табылды

Түркістан облысында ҚР аумағына өтпек болған шетелдік азаматтың қалтасынан гашиш табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне есірткі контрабандасы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметінен хабарлама келіп түсті. Аталмыш хабарламада “Жібек жолы” өткізу пунктінде шекарашылар мен Линда атты қызметтік иттің көмегі арқылы тыйым салынған затты тасымалдауға күдіктінің анықталғаны көрсетілген. Шекарашылардан ақпарат алысымен оқиға орнына жедел тергеу тобы шықты.

Белгілі болғандай, Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына жаяу өтіп бара жатқан жас жігітке қызметтік ит белгі берген. Сарыағаштық тәжірибелі тәртіп сақшылары сезіктінің Тәжікстан азаматы екенін анықтады. Ер адамға кейінге қалдырылмайтын тінту шарасы жүргізіліп, оның спорттық шалбарының сол қалтасынан және шалбардың белінен күмәнді есірткі затына ұқсас зат табылды.

Тәркіленіп алынған екі орамадағы зат бірден сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысы оның бір грамға жуық гашиш екенін растады.

Қазіргі таңда аталған жайт ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркеуге алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру