Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында ЖБО бейнекамералары арқылы 790 құқық бұзушылық анықталды

Қызылорда облысында жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы кезекші тәулікте 790 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел басқару орталығында полицейлер тәулік бойы үздіксіз өз жұмыстарын атқарып келеді. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіпті сақтау мақсатында анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жедел жұмыстарды жүзеге асырады.

Кезекші тәулікте “102” нөміріне мыңнан астам хабарлама келіп түсті, оның ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 790 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабымен (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) – 182 жүргiзушi және 591-бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы ) – 59, 597-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу) – 33, 600-бабының 1-бөлігі (Жол жүрісінде басымдықты пайдаланатын көлiк құралдарының жүргiзушiлерiн қоспағанда, жол жүрiсi қағидаларының жаяу жүргiншiлерге немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамау) бойынша 60 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, үш құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (Көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушінің басқаруы) бойынша жауапқа тартылды. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша 49 құқық бұзушылық анықталып, шара көрілді.

– Біздің орталық өз жұмысын ешқашан кідірткен емес. Сондықтан сеніммен айта аламын, Қызылорда қаласы тұрғындарының тыныш ұйқысы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өз жұмысымызды одан әрі де жалғастыра береміз, – дейді Қызылорда қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығының бастығы Берікбол Еримбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру