Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР Азаматтық заңнамасын бұзған Ресей азаматшасы ұсталды

Павлодар облысының Шарбақты автобекетінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекарасын кесіп өту кезінде Ресей азаматшасы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әйел адам ​ 2020 жылғы сәуірде Ресей азаматтығын қабылдаған, соған байланысты ол Қазақстан азаматтығынан айырылған. Бұл туралы белгіленген уақытта құзыретті органдары хабардар етпеген.

Осы ​ іс-әрекеті ​үшін ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 496-бабының 2-тармағында көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аудандық соттың шешімі бойынша ол  Қазақстан Республикасынан шығару түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру