Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда ұрланған велосипедті полицейлер 5 минутта тапты

Осы жылдың басынан бері Павлодар облысында 140 велосипед ұрлығы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көктем-жаз мезгілінде жеңіл ақша әуесқойлары иелері тиісті қараусыз қалдырған велосипедтерді қолды қылады.

– Велосипед – балалар мен ересектердің сүйікті көлік түрі. Иелері оларды кіреберістерде, дүкендердің жанында, үйлердің аулаларында қараусыз қалдырады. Бұл велосипед ұрлаушыларға тиімді орындар, –деді облыстық департамент бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Қаскүнемдерді ұрлыққа жетелейтін себеп ол – өзінің қаржылық жағдайын көтеру. Көбінесе көлік шағын бөлшектер арқылы сатылады. Егер өнім тартымды көрініске ие болса, онда ол толығымен сатылады. Кей бұзақылар велосипедтерді “міну – бүлдіру – тастау” деген схемамен ұрлайды.

Ақсу қаласының полициясына қала тұрғыны “Stels” велосипедінің ұрланғаны туралы өтініш түсірді. Велосипедті үй иесі үйдің кіреберісінде қалдырып кеткен болып шықты. Бағдар алғаннан кейін, басты көшелердің бірінде жедел уәкілдер бағдар бойынша ұқсас велосипедпен жүрген ер адамды байқады. Бес минуттан кейін ер адам мəн-жайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді.

Осы күні Екібастұз қаласының тұрғыны “102” телефонына қоңырау шалып, құны 50 мың теңге болатын “BMW” велосипедінің жоғалғаны туралы мәлімдеді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау бойынша шаралар қабылдауда.
Велосипед иелеріне өздерінің “екі доңғалақты темір тұлпарларын” тиісті қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Есіңізде болсын, қараусыз қалған көлік әрқашан ұры үшін оңай олжа болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру