Құқық тәртібін сақтаушы Әділханов
23 маусым – Қазақстан полициясы күні қарсаңында Polisia.kz редакциясы Отанына адал қызмет етіп, ел қорғаны болған полицейлер туралы жарияламақ.
Полиция мамандығы ондаған жылдар бойы ең танымал болып табылады. Бұл қызмет саласы үлкен қиындықтармен байланысты және аса қауіпті болып саналатынына қарамастан, жыл сайын көптеген жастар құқық тәртібін сақтаушы болуды жоспарлап отыр.
Нұр Әділханов Талдықорған облысы Қапал ауданы Мулалы станциясында дүниеге келді.
Полициядағы еңбек жолын Ақсу қаласы Полиция бөлімінің Қалқаман кенттік полиция бөлімшесінде 2002 жылы сержанттық құрамнан, полиция жүргізушісі лауазымынан бастаған. 2017 жылы Қалқаман кенттік полиция бөлімшесінің кезекші инспекторы лауазымына тағайындалып, офицер атағын алды.
Ішкі істер органдарындағы қызмет – бұл ерлік пен батылдық, шыдамдылық пен жақсы дене даярлығын, логикалық ойлауды және қарым-қатынасты талап ететін, маңызды және адамдарға өте қажетті жұмыс, өйткені бұл жұмыстың бағасы – адам өмірі. ІІМ-дегі қызмет, қызметкерден оның ең жақсы қасиеттерін көрсетуді талап етеді: адалдық, парасаттылық, адамдарға көмекке келуге тілек және әрқашанда дайын болу.