Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер кәсіби мерекелерін атап өтті

Ақтөбе облысы Полиция департаментінде Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаменті ғимаратының жанында барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Атап айтқанда, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен 15 полицей марапатталды.

Салтанатты түрде ҚР Ішкі істер министрінің атынан Құрмет грамоталары мен марапаттарын табыс етілді. Облыстық ПД Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының бастығы Рустам Апсеттаровқа мерзімінен бұрын полиция подполковнигі атағы берілді. “Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері” медалімен бір қызметкер, тағы үш қызметкер екі дәрежелі “ІІО үздік қызметі үшін” төс белгісімен, ҚР ІІМ грамотасымен үш қызметкер және ҚР ІІМ Алғыс хатымен екі қызметкер марапатталды.

Сонымен қатар, облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің құқықтарымен алты полиция қызметкері мен ІІО-ның алты ардагері марапатталды.

Ақтөбе облысының ПД бастығының бұйрығымен 1285 полиция қызметкері марапатталды, оның ішінде 14 қызметкер грамоталармен және алғыс хаттармен, ал 12 қызметкерге алғыс жарияланды және 21 қызметкерден бұрын қолданылған жазалар алынды.

Сонымен қатар, ҚР ІІМ оқу орындарының 33 түлегіне жоғарғы оқу орнын бітіргені туралы дипломдар табыс етілді. Түлектер әртүрлі лауазымдарға тағайындалды және Ақтөбе облысының ПД бөлімшелерінде қызмет атқарады.

Бес түлек оқуды үздік бітіріп, одан әрі қызмет орнын таңдау құқығына ие болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру