Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Біз өз жұмысымызды мақтан тұтамыз” – полицей мен журналистің жас отбасы

23 маусым – Қазақстан полициясы күні қарсаңында Polisia.kz редакциясы Отанына адал қызмет етіп, ел қорғаны болған полицейлер туралы жарияламақ.

Демалыс күндерін жоспарламау, түнгі қоңыраулар немесе ұзақ уақыт күту – осылардың бәріне жедел уәкіл Ердәулет Өскенбайдың келіншегі түсіністікпен қарауға үйренген. Полиция қызметінің ерекшеліктерін түсіністікпен қабылдауға Жансая Қайыпованың мамандығы да септігін тигізуде. Жас журналист “Qyzyljar” облыстық телеарнасында жаңалықтар бағдарламасының тілшісі болып жұмыс істейді. Ол өзінің жан-жақты және сан қырлы мамандығы сияқты полицейдің жұмысында да жұмыс күнін рет-ретімен орындау мүмкін емес екендігін түсінеді.

– Қылмыскерлер үшін демалыс жоқ, мен оларды ескертіп, жұмыс күні немесе таңертең күте тұруын сұрай алмаймын. Жансаяға мереке немесе демалыс күндеріне ештеңе жоспарламауды сұрағанда әрқашан осылай деймін, – деп күлді Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі Ердаулет Өскенбай.

Ердәулет пен Жансая әлеуметтік желі арқылы танысыпты. Екеуі де онлайн байланыс арқылы отбасын құруға болатынына мүлдем сенбеген. Бірақ өмірде бәрі болады екен. “ВКонтакте” әлеуметтік желісіндегі жас жігіттің табандылығы мен мақсатшылдығына Щучинск қаласының 19 жастағы бойжеткені жауап беріп, екеуі достық қарым-қатынас орнатады. Екі жылдық отбасылық өмірде жас жұбайлар кәсіби жұмысқа байланысты көптеген қызықты жағдайларды еске алады.

– Қалалық полиция басқармасы ғимаратының алдында үш сағат күткенім мәңгі есімде қалады. Іңірде шаруаларымыз болып үйден шыққанымыз сол еді Ердәулетті шұғыл жұмысына шақыртты. Мен көлікте күтіп отырдым, ауыр қылмыс жасалыпты, менің күйеуіме шұғыл түрде іздестіру ісіне қосылу керек болды, – деп шыдамдылықпен күйеуінің келуін күткен Жансая есіне алды.

Жансая тіпті қылмыскерді ұстауға қатысқан. Қалада келе жатып, Ердаулет іздеуде жүрген ұры-рецидивистті танып қалады. Полицей дереу сол жерде көлігін тоқтатып, қылмыскерді отырғызып, бөлімге алып келеді. Жанында отырған Жансая сол жолы алғаш рет қорқып, күйеуінің жұмысы қаншалықты қауіпті екенін түсінеді.

Ердаулет Өскенбай – Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясының түлегі, бокстан спорт шеберлігіне үміткер, жедел қызметте бес жыл бойы қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионы. Осы жылдар ішінде ондаған қылмыскерді ұстауға қатысты. Көбіне қызметтік міндеттеріне байланысты түнде үйінде болмайды, ұзақ уақыт іссапарда болады. Жас келіншегіне – бұл таныс құбылыс. Кейде оның кәсіби қызығушылығы кез келген бір факті туралы репортаж жасағысы келеді. Бірақ ол жеке өмірін ешқашан жұмыстағы істеріне араластырмайтынын жақсы біледі.

23 маусым күні қазақстандық полиция қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін, 28 маусым – Қазақстанда БАҚ қызметкерлері күнін атап өтеді. Бұл мамандық иелеріне мереке күндері де сақадай сай болулары керек, ал журналистикада, әсіресе электронды БАҚ дәуірінде материалдар дайындауда шектеу жоқ.

– Барлық әріптестерімді төл мерекемізбен құттықтаймын! Ең басты тілегім – тыныштық болып, жағымды жаңалықтар көп болсын, – деп Ердаулет Өскенбай барша қазақстандық полицейлер мен журналистерді құттықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру