Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Креативті челлендж және синтетикалық есірткілер туралы жаңа фильм – СҚО полицейлері нашақорлықтың алдын алуда

СҚО полицейлері нашақорлықтың алдын алуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нашақорлықтың алдын алуға арналған #СЕНІҢТАҢДАУЫН2021 челленджі аясында петропавлдық жастармен түсірілген Instagram-дағы бейне роликтер жүздеген қаралым жинауда. Челлендж СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жарияланды. Оған спорттық, музыкалық ұжымдар қатысты. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының паблигінде 30-дан астам ролик жарияланды. Қатысушылар жоғары деңгейде өнер көрсетіп, кейбір видеолар ҚР ІІМ қызықтырған, осы орайда оларды республикалық деңгейде жариялау жоспарлануда.

– Челлендж нәтижелері бойынша жеңімпаз анықталады, ол бағалы сыйлықпен, қалған қатысушылар дипломдармен марапатталады, – деді СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев. – Марапаттау рәсімі 26 маусымда Халықаралық нашақорлықпен күрес күні шеңберінде өтеді. Аталған челлендж – басқармамен өткізілетін алдын алу жұмысының бір бөлігі. Жастарды нашақорлықтан сақтау – полицияның бір мақсаты. Жыл басынан қызметкерлер 130-дан астам түрлі іс-шара: дәрістер, кездесулер, семинарлар өткізді, басым бөлігі – онлайн режимінде. Еріктілермен бірге үш рет жарнамаларды бояуға шықтық, 86 жазба боялды. Бұнымен қоса, қазіргі уақытта әлеуметтік желілердің әлеуетін пайдаланумен жүзеге асырылатын жаңа жұмыс форматы өзекті.

Солтүстікқазақстандық полицейлер көрермендер де жаңа жобаға қызығушылық танытады деген ойда. Үш жыл бұрын полицейлер “Тұз бен спайстар: кері қайтпас жол” фильмін түсірген болатын. Сол кезде аталған фильм желі қолданушылары үшін синтетикалық есірткілер туралы бірден-бір дереккөзге айналды. Одан бері жағдай өзгерді: заңнамаға синтетикалық есірткімен тиімді күресуге мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілді, енді есірткі жасыратындарға да, есірткі жарнамалайтын адамдарға да қатаң шаралар қолданады. Бұл туралы және тағы көптеген жайттар жөнінде полицейлердің бастамасымен түсіріліп жатқан фильмнің екінші бөлігі әңгімелейді. Жұмысты “Qzmedia”-ның сол командасы жүргізуде, “Green help” қоғамдық бірлестігі көмек көрсетуде.

Бүгінгі таңда СҚО-да 588 есірткіге тәуелді адам есепте тұр, оның екеуі кәмелетке толмағандар. Жыл басынан СҚО-да заңсыз айналымнан 119 кг астам түрлі есірткі заты алынды, оның 4,7 кг синтетикалық есірткі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру