Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында 100-ден астам полицей марапатталды

Түркістан облысында Қазақстан полициясы күні қарсаңында 100-ден астам полицей марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан полициясы күніне 29 жыл толуына орай салтанатты шара өткізілді. Мерекелік шарада ішкі істер органдарының ардагерлері мен жеке құрамды марапаттау рәсімі болды.

Аталған шараға Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығының міндетін атқарушы Асылжан Қалдарбеков, аппарат жетекшілері, полиция департаментінің жеке құрамы, ішкі істер органдарының ардагерлері, қызметтік міндеттерді орындау кезінде қайтыс болған полицейлердің жақындары мен туған-туыстары және басқада құрметті қонақтар қатысты.

Мерекелік іс-шара барысында өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін: ҚР ІІМ тарапынан 21 полицейге түрлі дәрежедегі марапаттар ұсынылса, Түркістан облысы Полиция департаментінің Грамотасымен 10-нан астам полицей марапатталып, 50 қызметкерге алғыс жарияланды.

Сонымен қатар, облыс әкімінің алғыс хатымен және “Облысқа сіңген еңбегі үшін” медалімен екі қызметкер марапатталды. Сондай-ақ марапатталғандардан бөлек, Департамент бастығы Қайрат Дәлбековтің бұйрығымен кейбір полицейлердің тәртіптік жазалары алынды.

Облыстық Полиция департаментінің бастығының міндетін атқарушы Асылжан Қалдарбеков тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтап, барлығына мықты денсаулық, бейбіт өмір, отбасына береке, қызметтеріне толағай табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру