Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола ҚАЖД қызметкерлері полиция күнін ерекше атап өтті

Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/4 мекемесінің қызметкерлері қазақстандық полицейлердің кәсіби мерекесі күнін ерекше атап өтуге шешім қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атбасар қаласының орталық алаңында қауіпсіздігі барынша жоғары мекеменің офицерлері қала тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарламаны ұйымдастырды және​ аудан орталығының алаңында жиналған балаларды балмұздақ, тәтті мақта және басқа да тәтті тағамдармен қуантты.

Балалардың​ қуанышында шек болмады – шын мәнінде​ погондардағы адамдар күлімсіреген және мейірімді адамдар екенін балаларға көрсетті. Қала тұрғындары қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға өз ризашылығын білдірді.

ҚАЖ қызметкерлерінің​ мерекелік акциясын Ұлттық ұланы​ 5510 әскери бөлімінің​ ​ сарбаздары мен аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы қолдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру