Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер марапатталды

Ақтөбелік полицейлер кәсіби мерекелерін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Ақтөбе облыстық Полиция департаментінде Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтті. Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов, ПД ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалым Дәулеталин және қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің жұбайлары ІІО қызметкерлері мен қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан ҰҰ әскери қызметшілеріне арнап монументке гүл шоғын қойды.

Салтанатты шарада Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов құттықтау сөз сөйлеп, ІІО, Ұлттық ұлан ардагерлерін және жеке құрамды Қазақстан полициясы күнімен құттықтады. ІІО-ның жеке құрамы мен ардагерлерін кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, қызметкерлерге жүктелген тұрақтылықты қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті нығайту жөніндегі жауапты міндеттерді шешуде табыс тіледі.

Сонымен қатар, ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың бұйрығымен ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұрлан Таушанбаев пен Анықтау басқармасы бастығының орынбасары Эльмира Суликановаға мерзімінен бұрын полиция полковнигі атағы, Ембі ПБ учаскелік полиция инспекторы Қуаныш Сәкеновке бір саты жоғары полиция майоры, Байғанин ПБ патрульдік полиция қызметінің инспекторы Нұрдәулет Бақытовқа полиция капитаны арнаулы атағы берілді.

“Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалімен Ақтөбе қаласы ПБ бастығының орынбасары Мақсат Шляшев марапатталды.

Сонымен қатар, алты қызметкер 1 дәрежелі “Ішкі істер органдарының үздігі” төсбелгісімен, бір қызметкер ҚР ІІМ Құрмет грамотасымен, төрт қызметкер ҚР ІІМ грамотасымен, алты қызметкер ҚР ІІМ алғыс хатымен марапатталды және екі қызметкерге алғыс жарияланды.

Сондай-ақ қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің жұбайларына ІІО қызметкерлерін әлеуметтік қолдау қоры материалдық көмек көрсетті.

Сонымен қатар, ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының жеті түлегіне академияны бітіргені туралы дипломдар және ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының үш түлегіне полиция лейтенанты арнаулы атағы берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру