Құрал-саймандар ұрлаған астаналық тұрғын ұсталды
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Байқоңыр ауданының полиция қызметкерлері қаланың 23 жастағы тұрғынын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жас жігіт жұмыс істемейтін қойманың аумағына кіріп, терезені сындырып, ішке кірген. Ол қоймадан 500 мың теңгеге электр құралдары мен кабель алып кеткен.
Күдіктінің тұрғылықты мекенжайынан ұрланған құралдардың жарты бөлігі табылып, ұсталды. Қалған бөлігі металл қабылдау пунктінен табылды.
Қазіргі уақытта ұрлыққа қатысы бар адам ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жігіт мойындау көрсетпелерін берді. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жүргізіліп жатыр.
Астана қаласының полиция департаменті нысандардың басшыларына тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлауды болдырмау үшін нысандарды күзету бойынша шаралар қабылдауды, аумақты бейнебақылау камераларымен жабдықтауды және күзет дабылын орнатуды ұсынады.