Құжатсыз көлік құралын басқарған шымкенттік жауапқа тартылды
Құжатсыз көлік құралын басқарған шымкенттік жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылғы 13 мамырда Патрульдік полиция полкінің қызметкері К. Тынгазиев өзінің бекітілген аумағында қызмет атқару барысында қаладағы Жангелдин көшесінде «МТ-03» маркалы мотоциклі жол жүру ережесін бұзғанын анықтады.
Полиция қызметкерлері аталған көлікті тоқтатты. Жүргізушіге бұл әрекеттің заңсыз екендігін түсіндірді. Нәтижесінде жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігімен (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) әкімшілік хаттама толтырылды.