Қылмыскерлерді құрықтауда қайсарлық танытқан шымкенттік Бақдәулет полиция тарапынан Алғыс хат алды
Қылмыскерлерді құрықтауда қайсарлық танытқан шымкенттік Бақдәулет полиция тарапынан Алғыс хат алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Қаратау аудандық Полиция басқармасының бастығы Арман Тленшин Нұрсат мөлтекауданының тұрғыны 25 жастағы Бақдаулет Түгелге алғыс жариялады.
Шымкент қаласының тұрғыны Бақдәулет демалыс күндері қонақтан ерте келіп қалып, үйіне ұры түскенін байқайды. Содан дереу Қаратау аудандық полиция басқармасының «102» телефонына хабарлайды. Полиция қызметкерлері келгенше екі ұрымен арпалысып, олардың қашып кетуіне жол бермейді. Осы ерлігін ескере отырып, қылмыскерлерді құрықтауда қайсарлық пен табандылық танытқаны үшін полиция тарапынан Алғыс хатпен марапатталды.
Сондай-ақ, батыр жігітке полиция қатарында жұмыс жасауға ұсыныс жасалды.
Өз кезегінде, полиция тарапынан алғыс алған Бақдәулет тәртіп саұшыларының оқиға орнына тез арада келіп, ұрлық жайтын ашқаны үшін алғысын білдіріп, ішкі істер органдары қатарына қызмет етуге қарсы емес екендігін атап өтті.