Қылмыстың өтеуі – жаза
«Шартты» жедел алдын-алу іс шараларын өткізу аясында Солжағалау аудандық ПҚБ есебінде тұрған сотталған Қ.-ны бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасы ауыстыру туралы іс-құжат Өскемен қаласы №2 сотымен қарастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған сотталған Солжағалау аудандық пробация қызметінің есебінде 2019 жылдан бері тұрған. Есепке тұрған күні сотталған Қ. ҚР ҚАК 63,69, ҚР ҚК 44-баптарымен және де алғашқы әңгімелесу шаралары жүргізіліп, барлық баптармен таныстырылып жазасын өткеру кезінде ешқандай әкімшілік құқық бұзушылық немесе құқық бұзушылыққа жол бермеу туралы қол қойған. Алайда жүргізілген іс-шараларға қарамастан сотталған екі рет қылмыстық жауапкершілікке, әкімшілік құқық бұзушылыққа тартылған. Сол себепті 2019 жылдың желтоқсан айында сотталған адамды бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыныс Өскемен қаласы №2 сотына жолданып, сот 21 қаңтар 2020 жылға тағайындалған, алайда сотталған Қ. сот болатын күні сот залына барып тұрып, соттың болатын уақытын тосып тұрған жерден ізін суытып қашып кеткен. Сол күннен бастап сотталғанды іздеу жұмыстарын Солжағалау аудандық қызметкерлері өз күштерімен бастап кетті, сотталғанның мекен-жайын, жұмыс істеген орнын, уәкілетті барлық органдарға, қайда баруы мүмкін деген жерлердің барлығы дерлік тексерілді. Солжағалау аудандық пробация қызметінің қызметкерлерімен атқарылған жұмыстар аз емес.
Алайда сотталғанды өз күшімізбен таба алмағандықтан, 2020 жылдың сәуір айында Өскемен қаласы №2 сотына сотталғанға іздеу жариялау туралы ұсыныс жөнелтіліп, ұсыныс қанағаттандырылды. Іздестіру шаралары аясында осы жылдың маусым айында сотталған Қ. қайта қылмыс жасау үстінде қолға түсіп ОВ 156/1 тергеу изоляторына жеткізілді. Шілде айының 1 жұлдызы күні сотталғанды өтелмеген мерзіміне қайта ауыстыру туралы іс-құжат Өскемен қаласы №2 сотымен қаралып, сотталған Қ. жазасының қалған бөлігі жеті ай 28 күнге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазасын ҚАЖ қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеуге қаулы шықты. Осы өткізіліп жатқан іс-шараның мақсатыда, сотталған адамдарға қайталап қылмыс жасудың алдын алу немесе құқық бұзушылық пен қайталап қылмыс жасаудың соңы жаза екендігін ескерту болып табылады.