Қылмыстық-атқару жүйесінің жас мамандары қарттарға қамқорлық көрсетуде
Шығыс Қазақстан облысында ҚАЖД қызметкерлері «Ардагерлерге қамқор болайық» атты іс – шара өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ШҚО бойынша Қылмыстық – атқару жүйесі департаментінің ОВ – 156/1 мекемесінің жас қызметкерлері «Ардагерлерге қамқор болайық» атты іс-шара ұйымдастырды.
Мекеменің жас қызметкерлері осы іс – шара аясында қарт ардагерлерге сый – сияпаттарын ұсынып, батасын алып қайтты.
«Біз мекеме қызметкерлерімен ардагерлерімізге азық – түлік, дәрі – дәрмектермен көмектесіп, хал – жағдайларын білуді жөн көрдік. Қазақ қашанда үлкенге құрметпен қараған. Ардагерлеріміздің берген бағыт-бағдары жас мамандар үшін өте маңызды. Бүгін біз 10 ардагерді қамтыдық. Алдағы уақытта осы іс – шарамызды әрі қарай жалғастыратын боламыз», – деді мекеме бастығы Қанат Жүсіпов.