Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облыстық ПД бастығы оқу-жаттығу орталығының жұмысымен танысты

Қызылорда облысы ПД бастығы Махсудхан Аблазимов оқу-жаттығу орталығы мен Қызылорда қалалық полиция басқармасының жұмысымен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Махсудхан Аблазимов оқу-жаттығу орталығы және қалалық полиция басқармасының ғимараттарына барып, жеке құрамымен кездесті. Басқарма, бөлім басшылары жыл басынан бері атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.

Облыс орталығында жастар мен жасөспірімдер арасында болуы мүмкін қылмыстардың алдын алу басты назарда. Сондықтан департамент бастығы кәмелетке толмағандар тарапынан және оларға қатысты заңсыз әрекеттерді болдырмау және оларды ескерту бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуді тапсырды. Кездесу барысында жыл басынан атқарылған жұмыс нәтижесі және жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықтың сақталу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар аталмыш кездесу барысында полиция қызметкерлерін әлеуметтік қолдау мәселесі де қозғалды. Облыс әкімінің қолдауымен биылғы жылы полиция қызметкерлерінің жалақысы артты. Жалақысы көтеріліп, жағдайы түзелген қызметкердің жемқорлыққа бармайтыны анық. Кадрлық мәселелер, оның ішінде кезекті еңбек демалысы, шендерді иелену сынды сұрақтардың барлығы электронды форматта қаралатындығы да айтылды. Мұның барлығы полиция қатарында сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік деңгейіне көтерілуге әсер етпек.

Бұдан бөлек, аудандардағы жанар-жағармай материалдарының электронды карточкалық жүйеге көшіп, оны дұрыс пайдалану мәселесі де қозғалды. Сондай-ақ полиция қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі талаптарының қатаң сақталу қажеттігі де айтылды. Қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызметкерлердің заңдылық пен тәртіпті сөзсіз сақтауы бойынша міндеттер қойылды. Департамент бастығы жеке құраммен кездесуде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы негізгі қағидаларды түсіндірді. Ішкі істер органдарына жүктелген міндеттер, сондай-ақ оларды жүзеге асырудағы қызмет бөлімшелері басшылары мен қызметкерлерінің рөлі ерекше атап өтілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру