Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-де 11 отбасылық жұп қызмет атқарады

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-де 11 отбасылық жұп қызмет атқарады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерде  11 отбасылық жұп жұмыс жасайды. Олар қоғамннан оқшауланған  сотталған азаматтарды өмірге қайта бейімдеп, тәрбиелеп жүрген мемлекеттік қызметкерлер. Темірдей қатаң тәртіпке бағынып, күрделі саланың ыстық-суығына төзіп, тегеурінді қызмет атқарып жүрген бұл жұптар, бақытты жанұя құрған отбасылар.

Солардың ішіндегі Сәбит Асқаров пен Жансая Нұркеннің отау құрғандарына екі жылдан асты. Екеуі де мектеп кезінде форма киюді армандаған. Қалаған мамандықтары бойынша тиісті оқу орнын бітіріп келген екі жас маман ЗК-169/1 тергеу изоляторына жұмысқа тұрады. Қызмет барысында бір ауысымға түскен олар, қыз бен жігіт ретінде бір-бірін ұнатып, көңіл жарастығы үйлескен соң, бас қосып, шаңырақ көтереді. Бүгінде сүйкімді бүлдіршіндері бар.

Келесі жұптар – Дулат пен Гүлзада және Ақманат пен Асхат. Отбасы құрғандарына жыл да болған жоқ. Бұл жұптардың барлығы заңгер мамандығын игерген. Қызметте де, отбасында да көзқарастары бір арнаға тоғысқандар.

– Отбасылық жұптың бір салада болғанының артықшылығы көп. Екеуміз де сотталғандармен жұмыс жасаймыз. Жұмыс бабында бір-бірімізге көмектесіп, қиналған сәтте қолдау көрсетеміз. Кейде жұмыс барысымен кешігіп жатамын. Сондай сәттерде жолдасым Асхат түсіністікпен қарайды. Отбасы беріктігі осындай қарапайым кезеңдерде бір-біріне деген сенімділік пен жанашырлықтан тұрады, – дейді ЗК-169/1 медицина бөлімінің мейірбикесі Ақманат Жанат.

– Біздің ҚАЖ саласында қызметте болу өте күрделі. Соған қарамастан қызметкерлеріміз отбасы беріктігін сақтап, үлгі көрсетіп келеді. Өйткені мамандарды жұмысқа қабылдар алдында, жеке әңгімелесу өткізіп, адамгершілік-моральдік тұрғыдан артықшылық қасиеттеріне де, аса ерекше мән береміз. Жас отбасылар мен көпбалалы отбасыларға әрдайым қолдау көрсетіп отырамыз. Қызметкерлеріміздің жанұя жарасылымдылығы олардың қызметтерінде сабырлы болып, емін-еркін жұмыс жасауына мол мүмкіндік тудырады. Сондықтан болар, ҚАЖ саласындағы бірге жұмыс жасайтын жұптар отбасы беріктігіне жауапкершілікпен қарайды, – дейді ҚАЖ департаментінің кадр саясат тобының бас маманы Ақерке Абжалиева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру