Қызылорда облысы Полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды
Қызылорда облысы Полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін ішкі істер органдарында орын алған кадрлық өзгеріске байланысты Қызылорда облысының активі өтті. Жиынға арнайы келген ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалған Мұхтар Қожабаевты таныстырды.
Мұхтар Қожабаев 1968 жылы 17 тамызда дүниеге келген. Білімі жоғары.
Еңбек жолын 1987-1989 жылдары Қарулы күштер қатарында қызмет атқарды.
1992-1993 жылдары – ІІБ МАИ жол-патрульдік қызметінің жеке батальонының жол-патрульдік полициясының инспекторы.
1993-1997 жылдары – БӨП ЖПҚ аға инспекторы, Келесауданы ІІБ МАИ бөлімшесінің және Сарыағаш ауданы ІІБ мемлекеттік автоинспекторы.
1997-1999 жылдары – Сарыағаш ауданы ІІБ Жол полициясы бөлімшесінің бастығы, полиция бөлімінің бастығы.
1999-2004 жылдары – Мақтарал ауданы ІІ Бекінші полиция бөлімінің ӘПЖН бастығы.
2004-2006 жылдары – ІІМ Жол полициясы департаменті мемлекеттік автомобиль инспекциясы басқармасының тіркеу-емтихан жұмысының бас маманы.
2007-2008 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД басқарма бастығының орынбасары, патрульдік қызмет бөлімінің бастығы, Жол полициясы басқармасының бастығы.
2009 жылғы наурыздан қарашаға дейін – Шымкент қаласының Ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары.
2009-2015 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті тылдық қамтамасыз ету басқармасының бастығы.
2015-2018 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары.
2018 жылдың шілде – қараша айлары – Түркістан облысының Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары.
2018 жылдың қараша айынан – Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған.