Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы ҚАЖД қызметкерлері мектеп оқушыларын Қостанай академиясына оқуға шақырды

Қызылорда облысы ҚАЖД қызметкерлері мектеп оқушыларын Қостанай академиясына оқуға шақырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесі кадр саясаты бөлімінің бастығы Алтынбек Гүлмира Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп және Ж.Жабаев атындағы №120 мектеп оқушыларына ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына шақыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

– Полиция қызметкерінің міндеті – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және конституциялық құқықтарын қорғау. Жыл сайын полиция қызметінің беделі артып, халықтың құқық қорғау органдары саласының қызметкерлеріне деген көзқарасы оң нәтиже беруде, – деді №60 мекемесі кадр саясаты бөлімінің бастығы Алтынбек Гүлмира.

ІІМ академиясының оқу бағдарламасымен танысқан оқушылар полицияда қызмет ету преспективасы, оқу сапасы туралы өздерін толғандыратын сауалдарына жауап алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру