Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында алаяқтық қылмыстың деңгейі 54,5%-ға төмендеді

Қызылорда облысында алаяқтық қылмыстың деңгейі 54,5%-ға төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 наурызда Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасының бастығы Нұрсұлтан Әлтайдың қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өтті.

Қазіргі таңда өңірде алаяқтық қылмысы мен қаржы пирамидаларын құру деректерінің тіркелуі төмендеуде. Осы жылдың үш айында Қызылорда облысы Полиция департаментінің тергеу және анықтау бөліністерімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 190-бабымен (Алаяқтық) 139 қылмыстық іс тіркелген. Өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 162 іске немесе 54,5 пайызға азайды, ал интернет-алаяқтық 142 іске немесе 68,3 пайызға азайып отыр.

Жыл көлемінде жоспарға сәйкес профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі, яғни халықтың арасында алаяқтардың құрбаны болмау үшін қандай сақтық шараларын қолдану керек екені жөнінде түсіндірме жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ әлемеуемттік желілер арқылы таратылуда, сондай-ақ көпшілік жиналатын орындарда плакаттар, билбордтар ілінді. Сонымен қатар, ҚР ІІМ-нің өткен және осы жылы киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл жоспарына сәйкес, интернет-алаяқтықтықтың алдын алу мақсатында жыл көлемінде Anti-fraud, Hi-tech жедел-профилактикалық іс-шаралары жүргізілді.

Алаяқтық қылмысының төмендегенімен, әлі де болса ақпараттық жүйені пайдаланушылар алаяқтардың уәделеріне сеніп, олардың арбауына түсіп, жинақ қорындағы ақшаларынан айырылып жатыр. Алаяқтар ақпарат жүйені пайдаланушылардың ұялы байланыс құралдарының абонент номерлеріне қоңырау шалу немесе WatsApp арқылы байланысқа шығып, өздерінің жалған қызметтерін ұсынып, яғни пәтер, автокөлік және тағы басқа ұтыстары ойналады деп алдайды. Ол үшін алғашқы жарнасын төлеу керек екенін айтып, өздері есепшот ұсынып, қаражат түскеннен кейін ақпарат жүйесіндегі байланыс, мекенжайларын жойып жібереді.

– OLX, Kolesa.kz сайттарына өз тауарларын саудаға қойғандарға алаяқтар ұялы телефон арқылы байланысқа шығып, өздері саудада тұрған мүлікті сатып алатынын, ақшасын есепшотқа аударатынын айтып, есепшот карточкаларының санын сұрап алған соң мүлік иесіне телефонына хабарлама арқылы код келіп тұрғанын, соны айтып жіберуін сұрап, осы код санын алған соң сол арқылы жәбірленушінің есепшотына кіріп, ондағы барлық қаражатты өзінің есепшотына аударып алады. Сондай-ақ, қаржы пирамидасын құрушылар WatsАpp арқылы чат ашып, онда топқа азаматтарды қосып, оларға осы чатқа аударған ақшаларын еселеген пайызбен қайтарып беремін деп алдап, ақшаларын аудартып алып, өз бас пайдаларына жаратады. Азаматтардан күмәнді ұтыс ойындарға, интернет ресурстарындағы күмәнді сауда-саттық жасағандарға алданбау үшін әрбір сервистік қызмет ұсынғандарға ақша аудармас бұрын, олардың нақты мекенжайын, оның шынайылығын тексеріп алу керек екенін ескерткім келеді. Жәбірленушілердің алаяқтарға сеніп, өздерінің дербес деректерін ұсынуы, жәбірленушілердің банк қызметкерлеріне сеніп, оларға өздерінің есепшоттарымен еркін жұмыс жасауға мүмкіндік беруі, сондай-ақ несие беретін ұйымдардың онлайн несие рәсімдеуде тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдамайтыны қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалуына себеп болып отыр. Сондықтан ең алдымен заң қызметкерлерінен қажетті кеңестер алып, сақтық шараларына ерекше назар аударып, бейтаныс, толық білмейтін, жеңіл табыс табуға уәде берген адамдарға сенімділік танытпауды сұраймыз, – деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасының бастығы Нұрсұлтан Әлтай.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру