Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында биылғы жылдың 9 айында «102» пультіне 30 мыңнан астам қоңырау түскен

2020 жылдың 9 айында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының «102» пультіне  30 мыңнан астам қоңырау  түсіп, полиция  құзырына жататын  29 мыңнан астам хабарламаға қызмет көрсетілді, – хабарлайды Polisia.kz. 

Бейнебақылау камераларының көмегімен 81 қылмыстың беті ашылды.

Мысалы, 12 қазанда түнгі кезекшілікке түскен бейнебақылау инспекторы кешкі уақытта  белгісіз азаматтың көпқабатты үйлердің бірінің алдында тұрған темір орындығын  ұрлап,  «Газель» автокөлігіне тиеп, кетіп бара жатқандығын  байқаған.

Инспектор дереу патрульдік полиция жасағына хабарлама жіберіп, нәтижесінде  ұрлық жасаған 51 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Қазіргі таңда мемлекеттік мүлікті ұрлаған қала тұрғынына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары басталып, оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.

Бұдан бөлек бейнебақылау инспекторларының бағдары бойынша күдік тудыратын азаматтар тексеріліп,  оардан 4 суық  қару  алынған.

Жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен барлығы 12 мыңнан астам әкімшілік  құқық  бұзушылық анықталып,  10 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзған тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру