Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында есептегі азаматқа түсіндірме жұмысы жүргізілді

Қызылорда қалалық пробация есебіне алынған азаматқа түсіндірме жұмысы жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің аудандық және қалалық пробация қызметтерінің есебінде мыңға жуық сотталған азамат тұр. Осы тұлғалармен қайта қылмыстың алдын алу мақсатында пробация қызметінің инспекторлары профилактикалық жұмыстарды үздіксіз жүргізеді. Әлеуметтік-құқықтық және медициналық көмекті қажет ететін тұлғаларға көмектер беріледі.

– Пробация қызметінің есебіне алынған С.есімді азаматқа пробация инспекторы Самрат Спанов сот қаулысымен жүктелген міндеттерді, жаза өтеудің тәртібі туралы түсіндірді. Бұл азаматқа Қызылорда қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігімен 3 жыл мерзімге бас бостандығы шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген.

– Бұзақылық жасап, жазамды алдым. Өкінішім де бар. Бүгін пробация үйіне келіп, тіркелдім. Пробация қызметкері заң шеңберінде жаза өтеудің тәртібін түсіндірді. Өз-өзіме қайта қылмыс жасамауға, жұмыс жасап, отбасыма көмек көрсетуге уәде бердім. Бұл да сынақ шығар, қылмысқа барудың соңы жақсылыққа апармайтынын түсіндім, – деді есепке алынған азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру