Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында есептегі үш сотталған наркологиялық орталыққа жатқызылды

Қызылорда облысында есептегі үш сотталған наркологиялық орталыққа жатқызылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жаңоқорған аудандық пробация есебіндегі ұрлық қылмысы бойынша сотталған үш азаматқа профилактикалық жұмыс жүргізілді. Жүргізілген жұмыстармен пробация қызметкерлері бұл азаматтардың ішкілік ішіп, маскүнемдіккке салынғандығын анықтады.

Сондықтан қайта қылмыс жасамау және маскүнемдіктен арылу мақсатында наркологиялық орталыққа жатқызылды.

Жалпы пробация есебіндегі сотталғандар қызметкерлер тарапынан әрдайым бақылауда жүреді. Қызметкерлер олардың тұрғылықты мекенжайларына апта сайын барып, заң бұзушылыққа қарсы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырады.

Бұл жолы да тексеру барысында өз мекенжайында арақ ішіп отырған сотталғанды дер кезінде анықтап білді. Бұл жағдайдың орын алуы бірінші рет еместігін көршілерінен естіп, қайталанып тұратындығына көз жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру