Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқ Павлодар тұрғынын жөндеу жұмыстарын жүргіземін деп алдап кетті

Алаяқ Павлодар тұрғынын жөндеу жұмыстарын жүргіземін деп алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірнеше күн бұрын Павлодар  полициясына облыс орталығының тұрғыны жүгінді. Ол жуынатын бөлмеде жөндеу жұмыстарын жүргізбек болғанын айтты, сайттардың бірінде бұндай жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы хабарландыруды тапқан.

– Мен кездесуге келістім. Үш күннен кейін ер адам келіп, жуынатын бөлмені жөндеуге кірісті, 12 күнтізбелік күннен кейін жұмысты аяқтауға уәде берді, – дейді жәбірленуші.

Тапсырыс беруші шарт жасаспай, 100 мың теңгені қолма-қол ақшаны тапсырды. Осыдан кейін “шебер” байланысқа шығуды тоқтатты.Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Павлодар қаласының 29 жастағы тұрғынын ұстады. Қазақстан Республикасы ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру