Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында есірткі өсірген тұрғын анықталды

Қызылорда облысында есірткі өсірген тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жалағаш ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен “Қарасора-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 20 шілде күні өз үйінің ауласында 15 түп сора өсірген аудан тұрғыны ұсталды. 

Полиция қызметкерлері оқиға орнынан сора және оны баптап өсіруге арналған құрал-саймандарды айғақ зат ретінде тәркіледі.
Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгітергеп-тексеру амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру