Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Байқоңырда ер адам танысынан 1 млн теңге ұрлап кетті

Байқоңырда ер адам танысынан бір миллион теңге ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдікке жергілікті тұрғын арызданған.

Арызда белгісіз біреу оның үйінің есігінің ашық тұрғанын пайдаланып, кіре-беріс бөлмеде ілініп тұрған күртешесінің қалтасынан бір миллион теңгесін ұрлап кеткенін көрсеткен.

Полицейлердің жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол 33 жастағы өзінің танысы болып шықты. Күдіктіге қатысты “ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат” түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру