Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғын Қызылорда полицейлеріне алғыс айтты

Тұрғын Қызылорда полицейлеріне алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облыстық Полиция департаменті бастығының хат қоржынына түсіп, толастар емес. Соның бірі Қызылорда қаласының тұрғыны Татьяна Горловадан келіп түскен хаты.

– Мен Үсербаев көшесінің тұрғынымын. Біздің аудан полицейлердің жіті назарында. Себебі күнделікті бұзақылықтан бастап, аса ауыр оқиғаларда біздің көшеде көптеп болып жатады. 23 шілдеден 24-не қараған түні екі бірдей оқиға орын алды. Бірінші, қарақшылық болып, полицейлер “ізін суытпай” екі сағат ішінде қарақшыны сол аудандағы жалдамалы пәтерлердің бірінен ұстады. Таң ата полицейлер суық қарумен қашпақ болған бір жас жігітті ұстады. Олардың кәсіби шеберліктері мен қырағылықтарының арқасында құқықбұзушы дер уақытында ұсталды. Сіздерге осындай өз ісінің мамандары үшін арнайы алғыс айтқым келеді. Атап айтар болсам, полиция капитаны Нұрбек Шибанов, полиция аға лейтенанттары Ғалымжан Есмағанбетов, Сүндет Әбдібек, Азамат Есенбековке алғысым зор. Ал мен болсам бұл ретте білікті мамандарға отбасына береке, байлық тілеп, жұлдыздарыңыз көбейе берсін демекпін, – деп жазды ол.


Қызметкерлер бар болғаны өз міндеттерін орындайды. Дей тұрғанымен, осындай жылы сөздер – тек сыпайылық таныту ғана емес, бұл құқықтық тәртіп сақшылары үшін айтарлықтай эмоционалдық қолдау болып табылады. Ал қауіпсіздікті қорыған тәртіп сақшыларының еңбегі қашанда ерен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру