БҚО-да пробация есебіндегі сотталғанның жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды
БҚО-да пробация есебіндегі сотталғанның жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
№1 Казталов аудандық пробация қызметінің есебінде ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағымен кінәлі деп танылып, үш жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған А. есімді ер адам сот үкімімен жүктелген міндеттер және бас бостандығынан шектеу жазасының өтеу ережелері түсіндірілгеніне қарамастан, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Нәтижесінде №1 Казталов аудандық пробация қызметі мен бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру жөнінде Казталов аудандық сотына ұсыныс жолданып, бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған А-ға қатысты бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген бөлігі екі жыл сегіз күн мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсынысы қанағаттандырылды.