Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғандық полицейлер тұрғынға ұрланған телефонын қайтарып берді

Жезқазғандық полицейлер тұрғынға бір ай бұрын ұрланған телефонын қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 маусымда Қарағанды облысы Жезқазған қаласының ПБ-на 25 жастағы қала тұрғынынан арыз келіп түсті. Ол белгісіз біреу құны 180 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткенін түсіндірді. Жәбірленушінің ұялы телефоны автотұраққа тұрған көлігінде болған екен.

Полиция қызметкерлері арызданушының көлігінің жанынан шамамен 35-38 жас шамасындағы ер адамды байқаған куәгерлерді тапты. Олар сондай-ақ күдіктінің бет-пішінін анықтауға көмектесті. ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

25 шілдеде жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, ұялы телефон тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру