Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында есірткі тасымалдаған күдікті қолға түсті

Қызылордалық полицейлер есірткі тасымалдаған күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қаңтар күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері “Самара-Шымкент” М-32 тас жолының 1336 шақырымында Арал ауданының аумағында Ақтөбе облысына қарай кетіп бара жатқан “Тойота Камри” маркалы автокөлікті тоқтатқан. 

Тексеру барысында аталған автокөліктің жолаушының сөмкесінен скочпен оралған екі дана пакет алынды, оның ішінде жасыл түсті, ерекше иісі бар зат  бар екені анықталды.

Сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат – жалпы салмағы 1 келіге жуық кептірілген марихуана болып шықты.

Күдікті жолаушы Батыс Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғыны болып табылады.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігімен (Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Полицейлер оқиғаның мән – жайларын анықтауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру